5-қадам. Дерекқорды таңдау

Шебердің осы қадамында Басқару сервері дерекқорын сақтау үшін пайдаланылатын келесі дерекқорды басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірін таңдаңыз:

Басқару серверін домен контроллеріне емес, бөлектенген серверге орнату ұсынылады. Тек оқуға арналған домен контроллері (RODC) рөлін атқаратын серверге Kaspersky Security Center орнатсаңыз, Microsoft SQL Server (SQL Express) жергілікті түрде орнатылмауы керек (дәл сол құрылғыда). Бұл жағдайда, Microsoft SQL Server (SQL Express) серверін қашықтан (басқа құрылғыға) орнату немесе ДҚБЖ жүйесін жергілікті түрде орнату қажет болса – MySQL, MariaDB не PostgreSQL пайдалану ұсынылады.

Басқару сервері дерекқорының құрылымы Kaspersky Security Center орнату қалтасында орналасқан klakdb.chm файлында келтірілген. Бұл файл "Лаборатория Касперского" порталындағы келесі мұрағатта да қолжетімді: klakdb.zip.

Сондай-ақ, қараңыз:

ДҚБЖ таңдау

Басына оралу